​Төлеби ауданында жастар арасында 8 спорт түрінен жарыс өтті

0
1 528

өлеби аудан ойындары-2018 спорт жарысы биыл бірінше рет қолға алынып өткізіліп жатыр. Міне осы жарысты алдағы уақытта дәстүрге айналдырып өткізу жоспарға қойылған.


​Төлеби ауданында жастар арасында 8 спорт түрінен жарыс өтті

Фото Асхат Әссанди

Түркістан облысы, Төлеби ауданы әкімдігі, аудандық Жастар ресурстық орталығы, "Бәйтерек жастар ұйымы" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында "Төлеби ауданы ойындары – 2018" жарысы өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жарыс спорттық ойынның 8 түрінен, атап айтсақ, үстел теннисі, кіші футбол, шахмат, волейбол, бокс, қазақша еркін күрес, дзюдодан өтті.Аудан көлемінде болып жатқан бұл жарыс 3 айдын басталғаны және оған 128 команда қатысып 2000-ға жуық жас өз бақтарын сынаған. Бұл спорттық сайысда спорт шеберіне үміткер жастарда қатысып жарыстың сәнін кіргізде. Төлеби аудан ойындары-2018 спорт жарысы биыл бірінше рет қолға алынып өткізіліп жатыр. Міне осы жарысты алдағы уақытта дәстүрге айналдырып өткізу жоспарға қойылған.
Жарыстың жүлде қорының өзі 3 600 000 теңгені құрайды. Бұл сайыста 8 спорттың түрлеріне жеңіпаз болған командаларға 1-орынға 200 000тг, 2-орын 150 000тг, 3-орын 100 000тг құрап және кубоктармен медальмен алғыс хаттар табысталды. Осы жарысты жоғары дәрежеде өткізуіне атсалысқан азаматтарға аудан әкімі адғыс хаттармен марапаттады.
Жарыстың жабылу салтанатына аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Береке Дүйсебеков арнайы қатысып, жарыс қорытындысы бойынша топжарған командаларды марапаттап, кубок пен қаржылай сыйлықтар тапсырды.