Төлеби би әкімдігі ардагерлермен кездесті

0
2 263

Ауданның зейнет жасындағы азаматтарына әлеуметтік қолдау көрсетіледі.


Төлеби би әкімдігі ардагерлермен кездесті

Төлеби ауданы әкімі Бауыржан Омарбеков ауданның ардагерлер кеңесінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында әкім ардагерлер кеңесінің мүшелерімен танысып, ауданның зейнет жасындағы азаматтарына әлеуметтік қолдау көрсетудің бірқатар маңызды мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев қысқаша Ардагерлер кеңестерінің жұмысына, жақын келешекке қойылған жоспарларға тоқталып өтіп, жергілікті атқарушы билік пен өкілді билікке ардагерлер кеңесінің қызметіне деген тұрақты қолдаулары үшін алғысын айтты.
Өз кезегінде, аудан әкімі Б.Омарбеков пен аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров Елбасының ауқымды жобалары мен бастамаларының, барлық маңызды қоғамдық іс-шаралардың аудан көлеміндегі белсенді қатысушылары болып табылатын Ә.Шыңғысбаевқа және аудандық ардагерлер кеңесіне атқарып жатқан жұмыстары үшін ризашылығын білдірді. Жиын соңында, ардагерлер кеңесі мүшелерінің бір ауыздан қолдауымен Ә.Шыңғысбаев аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде қайта сайланды.