​Төлебиліктердің мәселесі шешілетін болды

0
1 223

Ауыл тұрғындарын толық ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды.


​Төлебиліктердің мәселесі шешілетін болды

Түркістан облысы, Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков азаматтардың жеке қабылдауда көтерген мәселелері бойынша жұмыс сапарымен Алатау ауылдық округінің Нысанбек елді мекенінде болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдымен елді мекендегі ауыз су жүйесінің істен шығуын көріп, «Ленгір су» МКК-ның басшысы А. Алтаевқа су құбырының жөндеу жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтап, ауыл тұрғындарын толық ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды.
Содан соң елді мекен тұрғындарының жарық бағаналарына және жолға қатысты сауал, ұсыныстарын тыңдады.
Аудан басшысы тұрғындармен кездесу барысында қойылған сұрақтарға жауаптар беріп, бірқатар мәселелердің шешілетіндігін, бірқатары бойынша тұрғындарға шешімнің заңды жолдарын түсіндіріп, орындау бойынша ауылдық округ әкімі мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Айта кету керек, мұның алдында аудан әкімі Бауыржан Омарбеков аудан тұрғындарын жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізген болатын. Онда тұрғындар білім беру ұйымдарындағы еңбек қатынастарына қатысты, ауыз су, жол мәселелері жөнінде өз өтініштерін жеткізген еді.