Төреғали Төреәлі түркістандық оқушыларға қуаныш сыйлады

0
754

Оқушыларды құттықтап, әннен шашу шашты.


Төреғали Төреәлі түркістандық оқушыларға қуаныш сыйлады

Төреғали Төреәлі "Балалар жылы" аясында жетісайлық оқушыларды құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысына келген Төреғали Төреәлі "Балалар жылы" аясында жетісайлық оқушыларды құттықтап, әннен шашу шашты.


Нақтырақ айтсақ, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында «Рухани құндылықтар – ұрпаққа ұлағат» атты тағылымды кеш өтті.


Іс-шара аясында балалар жазушы Бейсенбай Сүлейменовпен кездесу өткізіп, кітаптарын алды. Сондай-ақ, бұл кешке қазақ эстадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі арнайы қатысып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


Мереке барысында балаларға тегін балмұздақтар таратылды.