ТҮКІСТАН: Ирригациялық каналдарға су жіберіліп жатыр

0
2 326

Жиегінде жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаштар отырғызылған.


ТҮКІСТАН: Ирригациялық каналдарға су жіберіліп жатыр

Арыс-Түркістан каналынан бастау алатын ирригациялық каналда су ағып жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Арыс-Түркістан каналынан бастау алатын 11,7 км-ге созылған ирригациялық каналда су ағып жатыр. Оның 1,5 км Яссауи көшесінен өтіп, 3,1 км-і Б. Саттарханов даңғылынан жасыл белдеуге жетеді. 3,7 км Шекті Тілеу-Жолдыаяқов көшесінен өтіп, Желілік саябаққа құйылуда. Және де Арыс-Түркістан каналынан жасыл белдеуге өтіп жатыр.

Сонымен қатар, Түркістан-Кентау тас жолы аумағының жиегінде орналасқан ирригациялық каналдан Б.Саттарханов даңғылы, Қаракөз мазаратына дейінгі 3,4 км аумақта да су жіберіліп жатыр. Барлық аталған ирригациялық каналдың жиегінде жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаштар отырғызылған.

Қазіргі таңда, Б. Саттарханов даңғылынан "Ортақ" тұрғын үй массивіне дейінқұрылысы жүріп жатқан 4,9 кмирригациялық каналдың біршама жобасы аяқталған. Құрылыс аяқталған соң, ирригациялық каналдың жалпы ұзындығы 15 км-ге ұзармақ.