​Түлкібасқа - 90 жыл: Түймебаев ауданның «жедел жәрдеміне» көліктің кілтін табыс етті (фото)

1
2 724


​Түлкібасқа - 90 жыл: Түймебаев  ауданның «жедел жәрдеміне» көліктің кілтін табыс етті (фото)

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түлкібас ауданнының 90 Жылдық мерекесіне орай медицина қызметкерлеріне жедел жәрдем көлігін табыстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Іс-шараның жалғасы мерейтой бағдарламасына сәйкес аудандық орталық саябақта жалғасып, саябақтың ашылу рәсімі болды.

Орталық саябақтың жалпы жер көлемі 2,2 га. Саябақ толығымен қоршалып, абаттандыру жұмыстары жүргізілген.

Сонымен қатар, балаларға арналған ойын алаңшаларымен жабдықталған. Саябақтың лентасын облыс әкімі Ж.Түймебаев қиып, саябақты аралады.

М.Х.Дулати атындағы аудандық мәдениет үйінде «Тамыры терең, тарихы кемел –Түркібасы» атты ғылыми практикалық конференция болып өтті.

Конференцияда ауданның тарихы жайлы бейнефильм көрсетіліп, өңір басшысы ауданның бір топ азаматтарын Алғыс хатпен марапаттады. Конференцияда қоғам қайраткері З.Тұрысбеков, ғалымдар М.Мырзахметов, Д.Қожамжарова және Д.Қамзабек баяндамалар жасап, жан-жақты талқыланып, талдады. Конференцияны жазушы М.Байғұт жүргізді.

Мерекелік жиын Т.Рысқұлов ауылындағы «Тұңғыш Президент» саябағында жалғасын тапты.

Саябақта республика мен облысқа танымал өнерпаздары өз өнерлерін аудан халқына тарту етсе, спорттық жарыстар мен «Жайдарман» ойыны да бұқара халықтың көңілін көтерді. Мерекелік шарада аудан қолөнер шеберлері көрмесі қойылды. Қылқалам шеберлерінің сурет көрмесін де қалың қауым тамашалады.

Мерекенің жалғасы республикаға, облысқа танымал өнерпаздардың мерекелік концертімен жалғасты.