«Тұран» футбол клубына директор тағайындалды

0
495

Аралас жекпе-жектен ҚР спорт шебері.


«Тұран» футбол клубына директор тағайындалды

Әлібек Нұртаев – «Тұран» футбол клубының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараевтың бұйрығымен Әлібек Нұрбайұлы Нұртаев «Тұран» футбол клубының директоры қызметіне тағайындалды.


Әлібек Нұрбайұлы Нұртаев 1982 жылы 25 мамырда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында туған.


2002 жыл - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмәмдаған,


2021 жыл – Шымкент университеті Дене тәрбиесінің оқытушысы және спорт түрінің жаттықтырушысы, Мемлекеттік басқарудың бакалавры, Педагогика ғылымдарының магистрі.


Қызмет жолын 2004 жылы ОҚО туризм және спорт басқармасының бас маманы болып бастап, 2005 жылы ОҚО туризм және спорт басқармасының жетекші маманы, 2007 жылы ОҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы, 2008 жылы ОҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының оқу-спорт бөлімінің жетекші маманы, 2013 жылы ОҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары, 2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, 2018 жылы Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, 2020 жылы Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, 2022 жылы ҚР «Мәдениет және спорт» министрлігі, «Спорт және дене шынықтыру істері» комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК директоры, 2022 жылы Шымкент қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Олимпиада резервін даярлау орталығының» директоры қызметін абыроймен атқарған.


Әлібек Нұртаев аралас жекпе-жектен ҚР спорт шебері, ҚР енбегі сіңген жаттықтырушы, «Құрмет» орденінің иегері.