Тұрбатта бөбекжай ашылды

0
2 405

​«Меруерт ана бөбекжай балабақшасы» қолданысқа беріліп, ауыл тұрғындарын қуантты. 100 орындық балабақшада 30 қызметкер жұмыс жасап, балаларға тәрбие береді. Мұнда балаларды тасымалдау үшін көлік мәселесі де шешілген.


Тұрбатта бөбекжай ашылды

«Меруерт ана бөбекжай балабақшасы» қолданысқа беріліп, ауыл тұрғындарын қуантты. 100 орындық балабақшада 30 қызметкер жұмыс жасап, балаларға тәрбие береді. Мұнда балаларды тасымалдау үшін көлік мәселесі де шешілген.

Аудан көлемінде 13 мемлекеттік, 55 жекеменшік балабақша жұмыс жасап, халыққа қызмет көрсетуде.

Табиғаты тарихымен үндескен Қазығұрт ауданын жер жаннатына баласақ ешкім қарсылық білдірмес. Әсіресе Тұрбат ауылының ауылшаруашылығы саласы ауданның көрсеткішін өрге тартып тұрғанын бір қарағанда-ақ аңғаруға болады. Осы тұрғыда айта кетерлігі, Қазығұрт ауданында өткен жылы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Ырыс» және «Береке» қаржыландыру ұйымдары арқылы 100 жобаға жеңілдетілген пайызбен 287,9 млн. теңге несие беріліпті. Осының арқасында 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында 30 шағын жоба іске қосылып, 253 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 2017 жылы субъектілер саны 7174-ге жетіп, осылай жоспар 103,6 пайызды құрады.

Халық саны 110 мыңды құрайтын Қазығұрт ауданында 13 ауылдық округ, 64 елдімекен, 72 білім ошағы, 68-ге жуық балабақша саны бар.

Міне, шуақ лебі ескен Тұрбат ауылындағы сапарымыз осылай аяқталды.