ТҮРКІСТАН: 3 мың гектар бидай алқабына орақ түсті

0
1 255

Бұл кооператив 22 жылдан бері жұмыс істеп келеді.


ТҮРКІСТАН: 3 мың гектар бидай алқабына орақ түсті

Ордабасылық шаруа егіс көлемін 4000 гектарға жеткізбек, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде күнгей өлкенің даласына егілген ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Осы орайда Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі Н.Тұрашбеков "Ынтымақ" өндірістік кооперативінің егістігіне ат басын бұрды. Аталған өндірістік кооператив өз жұмысын 1998 жылы бастаған екен. Қазіргі таңда 3 мың гектарға егілген бидай алқабын ору науқаны басталды.

Аталған кооперативтің төрағасы Т.Жанысбаев әр гектардан 18-20 центнер өнім алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, алдағы уақытта егістік көлемін 4000 гектарға жеткізуді де көздеп отырғанын жеткізді. Бүгінде кәсіпкер 30 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырғанын да атап өтті.

Атап өтсек, Ордабасы ауданында жыл басынан бері ауыл шаруашылық саласында өндірілген өнім көлемі 10 млрд. 496,1 млн. теңгенi құраса, оның iшiнде егін шаруашылығына тиесілісі Қаржы - 1млрд. 185,8 млн. теңгені құрайды. Қазіргі таңда аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланатын жер – 208 387 гектар болса, оның 85715 гектары егістік жерлер.