ТҮРКІСТАН: 8 дүкенді тонаған азамат ұсталды

0
602

Түрлі бағалы бұйымдар мен ақша ұрлаған.


ТҮРКІСТАН: 8 дүкенді тонаған азамат ұсталды

Түркістан облысының полицейлері 8 дүкенге ұрлыққа түскен ер адамды анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданы ПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданып келген. Оның айтуынша, өзінің дүкеніне белгісіз азамат ұрлыққа түсіп, ұялы телефон мен бірнеше қол сағатты жымқырып кеткен. Сонымен қатар, кассадан ақша ұрлаған. Осылайша жәбірленуші азаматқа 20 000 теңге көлемінде шығын келтірген.


Орын алған қылмысты ашу мақсатында Ордабасы ауданы ПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктіні ұстауға бағытталған іс-шараларды жүргізген. Дүкен ішіндегі бейнебақылау камералары мұқият тексеріліп, тәртіп сақшылары жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басын анықтап, оны бір тәулік ішінде ұстады. Анықталған күдікті ер азамат жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.


Белгілі болғандай, күдікті түнгі уақытта дүкеннің сыртқы есігін бұзу арқылы ішіне кірген. Содан соң, кассада болған ақша мен керекті заттарын алып, кірген ізімен кері шығып, оқиға орнынан бой тасалаған. Тәртіп сақшылары күдіктіден қолды болған заттардың барлығын айғақ зат ретінде тәркілеп, заңды иесіне табыстады. Бұдан бөлек күдікті ер адамның 7 дүкен ұрлығына қатыстылығы анықталды. Онда да түрлі бағалы бұйымдар мен ақша ұрлап, жалпы 500 000 теңге шығын келтірген.