ТҮРКІСТАН: «Адалдық сағаты» акциясына бір уақытта 100 мыңға жуық жасөспірім қамтылды

0
845

«Адалдық сағаты» дәстүрлі түрдегі кездесулердің орнына онлайн форматта өтті.


ТҮРКІСТАН: «Адалдық сағаты» акциясына бір уақытта 100 мыңға жуық жасөспірім қамтылды

Жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен қызмет тоқсан сайын «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өткізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалыптасқан жағдайда «Адалдық сағаты» дәстүрлі түрдегі кездесулердің орнына онлайн форматта өтті.
Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай онлайн дәрістің тақырыбы «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» деп анықталды. Дәріс жас ұрпақты әділ, әрі парасатты болуға шақырған ұлы ойшылға арналды.
Президент Қ.Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абайды білу - өзіңді тану. Өзін-өзі тану және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы - жетілудің көрінісі. Бүгінде Абайдың сөзі жас ұрпақтың бағдары болуы тиіс», - деп атап өтті.
Аталған науқан аясында Түркістан облысы бойынша жоғарғы оқу орындары және колледждердің 1-курс студенттері мен 9 - 11 сынып оқушылары, жалпы 100 мыңға жуық жасөспірім қамтылды.
«Адалдық сағатының» негізгі мақсаты - өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіругежәне жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
Бейне-дәрістер екі тілде республикалық «EL ARNA» және «Balapan» телеарналары, Агенттіктің Youtube-арнасы мен оның аумақтық департаменттерінің, «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы көрсетілді.
Қоғамда парасаттылық идеологиясын насихаттау бойынша Агенттікпен жүргізілетін жүйелі жұмыстар өз жалғасынатын болады.