ТҮРКІСТАН: Әділет департаменті тұрғындарға 800-ден аса мемлекеттік қызмет көрсеткен

0
803

2002 өтініш пен арыз-шағым түсіп, қаралған.


ТҮРКІСТАН: Әділет департаменті тұрғындарға 800-ден аса мемлекеттік қызмет көрсеткен

Түркістан облысында әділет департаменті 6 айда тұрғындарға 800-ден аса мемлекеттік қызмет көрсеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев мәлімдеді.


Спикердің айтуынша, Әділет департаменті 2023 жылдың 1-жарты жылдығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 11 түрі бойынша 809 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Одан бөлек, облыс көлемінде жеке және заңды тұлғадан жалпы 2002, оның ішінде жеке тұлғадан 1887, заңды тұлғадан 115 өтініш пен арыз-шағым түсіп, қаралған. Ал, жеке және заңды тұлғаның өкілдеріне 112 жеке қабылдаулар жүргізіліп, заңнамаға сәйкес тиісті түсіндірмелер берілген.


«Бүгінде Әділет органдары саласында жаңашылдықтар бар. Биылғы 29 мамырдан бастап адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу мемлекеттік қызмет түрі толықтай автоматтандырылған түрде жүзеге асыру ережесі бекітілді. Осы пилоттық жобаны іске асырылу кезінде Астана, Шымкент қалалары мен Түркістан облысында ЖСО, нотариустар, адвокаттар, сот орындаушылары мен патенттік сенім білдірілген өкілдерді автоматтандырылған режимде аттестаттаудан өткізу жобасы іске қосылды. Нәтижесінде маусым айында облыс аумағында нотариуске үміткер адамдардың 1-кезеңі бойынша 5 үміткер, жеке сот орындаушылардан 1 үміткер аттестаттаудан өткізілді. Сонымен қатар, республика аумағында сенімхаттарды онлайн куәландыру жұмысы іске қосылды. Осы бағытта сенімхаттарды онлайн куәландыру бойынша облыс аумағында 37 нотариус пилоттық жобаға қатысып жатыр. Бұдан бөлек, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мен азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша жаңашылдықтар енгізілді», - деді департамент басшысы Мұхит Тұрғараев.


Брифингте белгілі болғандай, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша жалпы 74219 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Облыс бойынша 37160 азаматтық хал актілері тіркелген, соның ішінде тууды тіркеу – 27340, қайтыс болуды тіркеу – 4723, некеге тұруды тіркеу – 4778, некенің бұзылуын тіркеу – 319, ал тегін, атын, әкесінің атын өзгерту жағдайы тіркелмеген. Ал, бүгінгі күнде ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодексіне өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуіне байланысты тегін, атын, әкесінің атын өзгерту тіркелмейді және куәлік қағаз жүзінде берілмейді, тек «АХАТ тіркеу пункті» мемлекеттік дерек қорына енгізілмек.


Мұхит Бекетұлының айтуынша, 2023 жылдың 1-жартыжылдығында нотариустың өтініші бойынша 1 нотарустың лицензиясы уақытша тоқтатылған. Осы орайда департаментпен нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығымен іс жүргізу ережелерінің сақталуына және заң консультанттар палатасына қатысты 22 тексеру жүргізіліп, нәтижесі бойынша жыл көлемінде 6 нотариус тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Ал есептік кезеңде әртүрлі негіздер бойынша 1 адвокаттың лицензиясы тоқтатылды. Бұдан бөлек, «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі бойынша Әділет министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысатын адвокаттардың саны 108-ге жетіп, жоспарда көрсетілген нысаналы индикаторға қол жеткізілген. Облыс көлемінде мемлекеттік сот орындаушылар саны – 13, жеке сот орындаушылары саны –147. ҚР Әділет министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған Даму жоспарындағы Сот актілерін орындау тиімділігін арттыру бойынша нысаналы индикаторлардағы межелі көрсеткішке 30,7% жетіп, 7,7% артығымен орындалған.


Департаментке атқарушылық өндіріс мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан жалпы 1471 өтініш түскен. Барлық өтініштер қаралып, оның 111-і негізді болып табылған. Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасына 2023 жылы негізді өтініштер бойынша 111 ұсыныс енгізіліп, өңірдегі жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының тәртіптік комиссиясымен 69 жеке сот орындаушыға тәртіптік жауапкершілік шарасы көрсетіліп, 42 ұсыныс қаралу үстінде. Одан бөлек, 2023 жылы 78 жеке сот орындаушының жұмысына жоспарлы тексеру жүргізіліп, 62 тәртіптік шара қолдану туралы ұсыныс енгізілді, ал 62 жеке сот орындаушының тәртіптік жауапкершілігі қаралу үстінде.