ТҮРКІСТАН: Аккумулятор ұрлаған азамат бас бостандығынан айырылды

0
616

Жалпы құны 1 миллион 600 мың теңгеден асатын зат ұрлаған.


ТҮРКІСТАН: Аккумулятор ұрлаған азамат бас бостандығынан айырылды

Түркістанда 22 аккумуляторды жымқырған азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2021 жылдың маусым айында Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғындар келіп, белгісіз тұлғалар автокөліктерінің аккумуляторларын ұрлап кеткені жөнінде арызданған. Түлкібас АПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында Сарыағаш ауданының тұрғынын ұстады. Нәтижесінде күдіктінің жалпы құны 1 миллион 600 мың теңгеден асатын 22 аккумулятор ұрлығы жайтына қатысы бар екені белгілі болды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеп, күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізді.


Полицейлер анықтағандай, орта жастағы азамат негізінен түнгі мезгілде автокөлік иелерінің жоқтығын пайдаланып арам ойын іске асырып жүрген. 2021 жылдың маусым айының басында Түлкібас елді мекенінің азаматына тиесілі «Мерседес-бенц» автокөлігінің ішінен 30 мың теңгелік аккумуляторды ұрлаған. Дәл сол күні «Камаз» маркалы жүк көлігінен екі аккумуляторды ұрлап, тұрғынға 120 мың теңгеден аса шығын келтірген. Ұрланған заттарды сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсағандығы белгілі болды.


Полицейлер істі толығымен аяқтап, айыптау актісімен бірге сотқа жолдады. Нәтижесінде күдікті деп танылған ер азаматқа сот шешімімен 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.