ТҮРКІСТАН: Алғаш рет халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өтеді

0
637

Шараға азық-түлік және ауыл шаруашылығы саласының жетекші өндірушілері мен кәсіпкерлер қатысады.


ТҮРКІСТАН: Алғаш рет халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өтеді

Түркістан қаласында алғаш рет «KazAgro/KazFood Turkistan2023» I Халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2023 жылдың 20-22 наурыз аралығында Түркістан қаласында алғаш рет «KazAgro/KazFood Turkistan2023» I Халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өтеді. Шараға азық-түлік және ауыл шаруашылығы саласының жетекші өндірушілері мен кәсіпкерлер қатысады.


Көрме аясында отандық кәсіпкерлермен іскерлік байланыс орнатуға ниетті Өзбекстан, Қытай, Түркия, Голландия, Ресей Федерациясы секілді елдерден 100-ге жуық отандық және шетелдік қатысушылар Түркістанда бас қоспақ.


Сондай-ақ, Наурыз мерекесі аясында этноқалашық, гастрофестиваль, концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындар, қолөнер шеберханаларымен танысу сияқты іс-шаралар өз келушілерін күтеді.


Көрме-жәрмеңкенің ресми ашылуы:

20 наурыз 2023 ж., сағат 10.00.

Түркістан қаласы, «Karavan Saray» кешені.