ТҮРКІСТАН: Алтайдан келген туристер экоакцияға үлес қосты

0
429

Іс-шара барысында 400 жуық жеміс ағашы мен қара ағаш отырғызылды.


ТҮРКІСТАН: Алтайдан келген туристер экоакцияға үлес қосты

Түркістан облысында«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының екінші апталығы қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының екінші апталығы қарқынды жүргізіліп жатыр.


«Киелі мекен» апталығында Сауран ауданына қарасты Серт ауылындағы «Үкаша ата» кесенесінің аумағы абаттандырылып, көгалдандырылды. тазалық және көгалдандыру жұмыстарына аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев және жүзге жуық ерікті жас пен тұрғын қатысты. Іс-шара барысында 400 жуық жеміс ағашы мен қара ағаш отырғызылды.


Экоакцияға киелі мекенге Ресей Федерациясынның Алтай Республикасынан келген туристер де атсалысты. Олар киелі орынға жыл сайын дәстүрлі түрде келетіндерін айтып, ағаш көшеттерін отырғызуға ниеттерін білдірді.


«Бүгін Мемлекет басшысының бастамасымен өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» эко акциясының «Киелі мекен» апталығында қоршаған табиғат пен көне дәуір рухы үйлесім тапқан киелі орын – «Үкаша ата» кесенесі аумағын көгалдандырудамыз. Туризм саласын дамытып, келушілердің ынтасын арттыру тек аңыз-әңгімелерді насихаттаумен шектелмей, тарихи орындардың көркі мен келбетін жақсарту, халыққа жайлы жағдай жасау мақсатында ағаш егу жұмыстарын атқарудамыз. Қазіргі таңда аудан көлеміндегі 53 тарихи-мәдени нысандарды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр» – деген аудан әкімінің орынбасары белсенділерге алғысын білдірді.