ТҮРКІСТАН: Антикор спорт саласына талдау жүргізіп жатыр

0
585

Сыртқы талдау объектісіне қатысты ұсыныстар қабылданады.


ТҮРКІСТАН: Антикор спорт саласына талдау жүргізіп жатыр

Антикор Түркістан облысында дене шынықтыру және спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында 2023 жылғы 19 желтоқсаннан бастап Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстарын жүргізуде.


Талдау аясында, спорт түрлері мен бұқаралық спортты дамыту, спорт клубтары мен федерацияларға бөлінген қаржыны пайдалану, спортшылар мен жаттықтырушылардың сапалы құрамы, оларға төленетін еңбекақы қоры және басқа да мәселелер қамтылуда.


Сыртқы талдау объектісіне қатысты ұсыныстарды қабылдау үшін anticor13@mail.ru электрондық поштасы және +7702-4313013 байланыс телефоны немесе Департамент (Түркістан қаласы,Тәуке хан даңғылы, №100) арқылы жүгіну мүмкіндігі қарастырылған.