ТҮРКІСТАН: Аптаның әр сенбісі мен жексенбісі мәдени күндер болып бекіді

0
1 537

Түркістанда Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның мәдениет майталмандары сенбі күні халық серуендейтін "Арбат", "Рәміздер" және "Есімхан" алаңдарында концерттік бағдарлама берсе, жексенбі күн облыстық Опера және балет театрының "Көктем әуендері" бағдарламасымен жалғасты


ТҮРКІСТАН: Аптаның әр сенбісі мен жексенбісі мәдени күндер болып бекіді

Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен әр аптаның сенбі-жексенбі күндері мәдени шараларға арналды - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Рухани астанаға сапармен келген туристерге еліміздің ұлттық киімдері мен өнерін, ұлттық аспаптарын паш ету, келушілерге мәдени көңіл-күй сыйлау мақсатында қолға алынған бастама аясында Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның мәдениет майталмандары сенбі күні халық серуендейтін "Арбат", "Рәміздер" және "Есімхан" алаңдарында концерттік бағдарлама берсе, жексенбі күн облыстық Опера және балет театрының "Көктем әуендері" бағдарламасымен жалғасты. Түркістан қаласындағы «Түркі бағы» мен «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде өткен шарада ҚР Мәдениет қайраткері, әнші -Оразкүл Даулетова, Халықаралық байқаулардың лауреаттары - Гаухар Ахетова, Мадихан Дүйсеев, Нұржан Жүсіпбеков, Қарлыға Бердияр, Бекзод Садыков, Асел Кожанова және хор ұжымы Қазақстан композиторларының шығармалары мен халық әндерін орындап Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарын шаттыққа бөледі.