ТҮРКІСТАН: Арыстағы әскери бөлімде жарылыс болды

0
3 478

Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД-нің 30 адамнан құралған өрт сөндіру тобы пен 8 техника тартылған.


ТҮРКІСТАН: Арыстағы әскери бөлімде жарылыс болды

24 маусымда Түркістан облысы, Арыс қаласындағы әскери бөлімінде жарылыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жарылыс бүгін, таңғы сағат 09:20-да орын алған. Өртке қарсы қызметіне Түркістан облысы, Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында жарылыс болғаны, соның салдарынан аумақ отқа оранғаны жайлы ақпарат келіп түскен.

Өртті сөндіру үшін 30 адамнан құралған өрт сөндіру тобы мен 8 техника жұмылдырылған.