ТҮРКІСТАН: Арыста 55 көшеге жаңа асфальт төселді

0
542

Арыс қаласы бойынша облыстық маңызы бар жолдар – 288 шақырымды құрайды.


ТҮРКІСТАН: Арыста 55 көшеге жаңа асфальт төселді

Арыс қаласы тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жұмыс атқарылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Арыс қаласы тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында және жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында жалпы ұзындығы 10 шақырымды құрайтын 33 қалаішілік көшеге қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Сырдария және Атамекен елді мекендерінде 22 көшеге «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасымен сапалы жол салынған. Бұл туралы Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова брифингте мәлім етті.


«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауылдардың ажары артып келеді. Аталған бағдарлама аясында биыл екі ауыл округте 240 және 120 орындық кітапхана мен ауыл клубы ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Атамекен елді мекенінде орналасқан 12 көшеге, Сырдария елді мекенінде 11 көшеге асфальт жол салынды. Қазіргі таңда, қаламызға қарасты Қожатоғай ауылы орталығынан заманауи Спорт кешені құрылысы жүргізіліп жатыр. Құны 200 млн теңгені құрайтын кешен «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында бой көтеруде», - деді қала басшысы.


Жалпы, Арыс қаласы бойынша облыстық маңызы бар жолдар – 288 шақырымды құрайды. Оның ішінде, аудандық жолдар – 56,7 шақырым, қалаішілік жолдар - 188 шақырым.