ТҮРКІСТАН: Ауа райы күрт бұзылған аудан, қалалардағы ахуал қандай?

0
3 619

Отырар ауданы қиын жағдайда.


ТҮРКІСТАН: Ауа райы күрт бұзылған аудан, қалалардағы ахуал қандай?

Түркістанда облысындағы үш аудан мен екі қалада ауа райы күрт бұзылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ауа-райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, қатты жел-25 м/с) 13.03.2021 ж күні Түркістан облысының қалалары мен аудандарында электр желілерінің істен шығуы, сондай-ақ Кентау қаласында жылудың жаппай өшуі орын алды. 15 наурыз, сағат 22.00-ге дейінгі жағдай бойынша, облыстың 3 ауданы мен 2 қаласындағы (Отырар, Бәйдібек, Ордабасы аудандары және Кентау, Арыс қалалары) 100 елді мекен, 28705 абонент жарықсыз отыр. Аталған аудандар мен қалаларда "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС, "KEGOC", сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар ақауларды жою бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, барлық қалалар мен аудандарда штабтар құрылған.

Жеке-жеке тоқталсақ. Бәйдібек ауданы бойынша:

Ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты жел, қар) 35 елді мекенде 6600 абонент электр энергиясынсыз қалған (сағат 08.00-дегі жағдай бойынша ауданның 37 елді мекенінде 8608 абонент жарықсыз болған). Істен шыққан электр бағаналарының саны артып, 772 бағананы құрады (сағат 08.00-де 478 бағана болған).

Ордабасы ауданы бойынша:

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудегі қиындықтарға байланысты ауданның 15 елді мекенінде, 4 ауылдық округінде 3991 абонент электр энергиясынсыз отыр. 874 электр бағанасы құлаған (сағат 08.00-дегі жағдай бойынша 861 бағана болған).

Отырар ауданы бойынша:

Қазіргі уақытта жағдай өзгеріссіз. Ауа-райы жағдайларына байланысты (қар, боран) жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Желдің күшеюіне байланысты бүкіл аудан, яғни 38 елді мекендегі 9600 абонент жарықсыз отыр. 1499 электр бағаны құлаған.

Кентау қаласы бойынша:

10 елді мекендегі 8261 абонент жарықсыз отыр (соның ішінде Кентау қаласы бойынша 1616 абонент). 156 электр бағанасы зақымдалған. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, ЖЭО-5 авариялық қызмет базасында құрылған жедел штабқа жылытуға қатысты 300-ге жуық өтінім келіп түскен. Магистралдық жылу желілеріндегі анықталған ақауларды 14 жөндеу бригадасы дұрыстап жатыр.

Арыс қаласы бойынша:

2 елді мекендегі 253 абонент электр энергиясынан отыр (сағат 08.00-дегі жағдай бойынша 5 елді мекендегі 860 абонент электр желісінен ажыраған).