ТҮРКІСТАН: Ауруханалардағы 9 мың орынның 25 пайызы бос

0
661

С.Қалқаманов: «Облыста дәрі қоры күнделікті толықтырылуда. Өйткені, тұрғындар жаппай дәрі-дәрмекті көптеп сатып алып жатыр».


ТҮРКІСТАН: Ауруханалардағы 9 мың орынның 25 пайызы бос

Түркістан облысындағы аурухаларда жалпы саны 9 мың төсек-орын бар, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысындағы аурухаларда жалпы саны 9 мың төсек-орын бар болса, бүгінгі таңда оның 25 пайызы бос тұр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов бүгін Facebook әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирде мәлімдеді.

Сондай-ақ, Сәкен Амангелдіұлы, облыстағы провизорлық орындардың 15 пайызы бос екендігін және Түркістан облысындағы 300 провизорлық орын көмек ретінде Шымкент қаласындағы науқастарға берілгендігін айтты.

"Өңірдегі 124 жедел жәрдем көлігінің 85-і ИВЛ аппараттарымен қамтылып отыр. Ал жалпы ауруханаларда 178 ИВЛ аппараты бар. Бұдан бөлек, 10 компьютерлік томография жұмыс істеп тұр. Ал облыс орталығында 440 провизорлық орын бар. Коронавирус індеті анықталған науқастар Кентау қаласына 80 орындық инфекциялық ауруханаға жатқызылуда.Түркістан облысында бүгінгі таңда 1974 адам пневмония дертіне шалдыққан, оның 1677-сі орта деңгейде", - дейді облыс әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар, өңір басшысының орынбасары тікелей эфирде бірнеше сауалдарға жауап берді.

"Ауруханаларға орын жоқ, дәрі-дәрмек тапшы деген мәселелер туындаса, 109 call-орталығына қоңырау шалып, нақты жауап алуға болады. Айта кетерлігі, ауруханаларда дәрі тапшылығы жоқ, тек жекеменшік дәріханаларда аталған мәселе орын алуда. Бұл апта соңына дейін шешімін табатын болады. Облыста дәрі қоры күнделікті толықтырылуда. Өйткені, тұрғындар жаппай дәрі-дәрмекті көптепсатып алып жатыр. Сондай-ақ, шалғайдағы ауылдарда жедел-жәрдем шақырту мәселесі шешілген. Ауылдық не аудандық бөлімшелеріндегі мамандар 30 минутқа жетуіне мүмкіндік бар", - дейді Сәкен Қалқаманов өз сөзінде.