ТҮРКІСТАН: Аз қамтамасыз етілген отбасылар саны 4 есе азайды

0
768

10 мыңға жуық АӘК алушы жұмыспен қамтылған.


ТҮРКІСТАН: Аз қамтамасыз етілген отбасылар саны 4 есе азайды

Арнайы әлеуметтік жәрдемақы көптеген отбасылардың күнкөрісін жақсартып жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен жылмен салыстырғанда Түркістан облысында аз қамтамасыз етілген отбасылар саны 4 есеге азайған. Әлеумет саласының мамандары көмекке мұқтаж жанұялардың азайюын көп балалы отбасылардың бөлек санатқа шығып, оларға арнайы әлеуметтік жәрдемақының көрсетілуімен байланыстырады.

Атап айтқанда, өңірде 2020 жылдың 1 тамызына дейін аз қамтамасыз етілген 27,5 мың отбасыға (156,9 мың адам) 7706,9 млн. теңге қаржы көлеміндегі жәрдемақы тағайындалған.

Сондай-ақ, кепілдендірілген әлеуметтік топтама бойынша 1-6 жастағы 35 877 балаға 1104,3 млн. теңге көмек тағайындалған. Ал, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде еңбекке қабілетті 9944 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Одан бөлек, төтенше жағдай кезінде сәуір-мамыр айларында 160,6 мың адам 2,2 млрд. теңгеге азық-түлік-тұрмыстық жиынтығымен қамтылса, «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 1643 өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасы анықталып, оның ішінде 35 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, демеушілер есебінен 341,7 млн. теңге жиналып, 1643 отбасыға көмектер көрсетілген.