ТҮРКІСТАН: Азық-түлік бағасына мониторинг жүргізіліп жатыр

0
336

Сонымен қатар, биыл шаһарда 3 әлеуметтік дүкен ашу жоспарланған.


ТҮРКІСТАН: Азық-түлік бағасына мониторинг жүргізіліп жатыр

Түркістанда азық-түлік бағасына мониторинг жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында жалпы 25 ірі маркет, 3 көтерме сауда орны және 187 дүкен бар. Одан бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру мақсатында 13 әлеуметтік дүкен жұмыс атқаруда. Сондай-ақ, 4 ірі сауда орталықтарында арзандатылған азық-түлік өнімдері тұрақты сатылымға қойылып, 30 дүкенде әлеуметтік бұрыштар жұмыс істеуде. Сонымен қатар, биыл шаһарда 3 әлеуметтік дүкен ашу жоспарланған.


Қалада азық-түліктерді бастапқы бағасынан 15 пайыздық үстемақыдан асырмау қажеттігі туралы 25 әмбебап дүкен иелерімен меморандум түзілген. Аталған дүкендер келісімді бұзған жағдайда заң аясында шара көріледі.


Қазіргі таңда қала аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласы әкімдігі және Түркістан облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының қызметкерлерімен бірге ӘМАТ бағасына мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 25 шағын дүкенге, 4 ірі сауда орталығына, 23 әлеуметтік дүкенге бақылау жүргізіліп, баға тұрақтылығын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген.