ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданында бір жолдың құрылысы аяқталды

0
724

Жол пайдалануға берілді.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданында бір жолдың құрылысы аяқталды

Бәйдібек ауданындағы Таңатар елдімекеніне кіреберіс жол пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің Бәйдібек ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында тұрғындар тарапынан облыстық маңызы бар КХ-122 «Таңатар елдімекеніне кіреберіс жол» автомобиль жолын жөндеуден өткізу мәселесі көтеріліп, басқармаға тиісті тапсырмалар берілген болатын.


Осы орайда, басқарманың тапсырысымен Шаян-Таңатар елдімекендерін жалғайтын ұзындығы 3,4 шақырым жолдың орташа жөндеу жұмыстары мердігер мекеме «Корпорация Береке А» ЖШС тарапынан биыл мамыр айында басталып, маусым айында толығымен аяқталды.


Жөндеу жұмыстары кезінде 3,4 шақырым жолдың ескі асфальт жабындысы толығымен жаңартылды. Сонымен қатар, жол бойындағы Шаян, Таңатар елдімекендерінің ішіне жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол салынып, жарықтандыру шамдарымен қамтылды.