ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданындағы жолдар жаңартылып жатыр

0
399

14 көшеге асфальт бетон жамылғысын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданындағы жолдар жаңартылып жатыр

Бәйдібек ауданында елдімекендердің жолдары жаңартылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бәйдібек ауданында биыл «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында жалпы ұзындығы 19,6 шақырымды құрайтын 3 елдімекеннің 18 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жарықтандыру, аяқжолдар және суағарлар орнату жоспарланған.


Қазіргі таңда жоба аясында Ақбастау ауылындағы 11 көшеге жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, жаңадан асфальт төселіп, аяқжолдар салынып, суағарлар мен көше шамдары орнатылу үстінде.


Одан бөлек, биыл облыстық, аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға 19,4 шақырым Шаян елдімекеніндегі 14 көшеге (М.Әуезов, Е.Шөкеев Б.Қарашаұлы Қ.Спатаев, Қ.Жандарбеков, Шәкәрім, С.Әлжанов, Мыңбұлақ, А.Нысанов, Жамбыл, Абай, К.Нұржанова, О.Жандосов, Б.Болатбеков және Қошқарата елдімекеніндегі Дүйсебаев көшесіне) орташа жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланған. Бүгінде аталған 14 көшеге асфальт бетон жамылғысын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Сонымен қатар, аудандық маңызы бар Қаратас елдімекеніне кіреберіс автомобиль жолына 7,5 шақырым, Теректі елдімекеніне кіреберіс автомобиль жолына 2 шақырым орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Сондай-ақ, биыл облыстық маңызы бар Таңатар елдімекенінің кіреберіс 3 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.