ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте 23 мыңнан аса көшет егілді

0
551

Егілген көшеттерді күтіп-баптаумен жауапты мекеме мен ауылдық округі әкімшіліктері жұмыс істейтін болады.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте 23 мыңнан аса көшет егілді

Бәйдібек ауданындағы елді мекендерге көктем айларында 23 300 түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, «Облыстағы елді мекендерді көгалдандырудың 2022-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бойынша Бәйдібек ауданындағы елді мекендерге көктем айларында 23 300 түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Бекітілген жоспарға сай Бәйдібек ауданы әкімінің бастамасымен аудандағы барлық елді мекендерде көктемгі көркейту-көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.


Аудандағы «Түркістан-Сырдария мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-нен Алмалы ауылдық округіне қарасты Жарықбас және Бәйдібек ата елді мекендеріне бөлінген 4500 түп арша, 4 500 түп туя книжный, 3 960 жеміс көшеті отырғызылды. Одан бөлек 10 ауылдық округтегі елді мекендердің кіреберіс және ішкі көше жолдарының бойына, мекеме аулаларына, саябақтарға 6140 сары өрік, 4200 қаратал егілді.


Егілген көшеттерді күтіп-баптаумен жауапты мекеме мен ауылдық округі әкімшіліктері жұмыс істейтін болады.