ТҮРКІСТАН: Бәйдібектік кәсіпкер 25 балаға қуаныш сыйлады

0
1 630

Кәсіпкер бәйдібектік 19 ұл бала мен 6 қыз балаға ағалық қамқорлығын көрсетті.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібектік кәсіпкер  25 балаға қуаныш сыйлады

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданынан шыққан кәсіпкер Ерлан Нұрмаханов 25 балаға қысқы киімдер тарту етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жаңа оқу жылы ата-аналар үшін нағыз қаржылық мәселелермен бетпе-бет келетін, ал, балалар үшін қуанышқа толы кезең. Дәлірек айтсақ, мектеп жасындағы балаларды қажетті құрал-жабдықпен, мектеп формасы сынды киім-кешекпен қамту жұмыстары қарқын алады.

Осы ретте, бүгінде еліміздегі көптеген жомарт азаматтар игілікті істерге атсалысып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап жүргенін айта кету қажет. Тамыз айының басында іске асырыла бастаған мұндай үлгілі бастамаға үлес қосқандардың бірі - білікті кәсіпкер, облыстық мәслихаттың экс-депутаты, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының тумасы - Ерлан Нұрмаханов.


Ол 28 тамыз күні өзі туып, өскен аудан орталығы - Шаян ауылына барып,аз қамтылған отбасылардан шыққан 25 оқушыға қуаныш сыйлады. Атап айтсақ, балаларға қыс мезігіліне арналған аяқкиім, баскиім және сырткиімдерді үлестірді.


М.Әуезов атындағы мектепте өткізілген бұл іс-шараның шарапатын аудандағы 10 ауылдық округтің әрқайсысында тұратын 2 бала және аудан орталығында оқитын 5 бала көрді. Осылайша, кәсіпкер бәйдібектік 19 ұл бала мен 6 қыз балаға ағалық қамқорлығын көрсетті.