ТҮРКІСТАН: Бәйдібектік жастар жалғызбасты анаға баспана сыйлады

0
803

Жастар күніне арналған шарада аудан әкімінің кубогі үшін жайдарман ойыны ұйымдастырылды.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібектік жастар жалғызбасты анаға баспана сыйлады

Бәйдібек ауданында халықаралық жастар күні аталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында халықаралық жастар күні аталып өтті. Шаян ауылы, «Тәуелсіздік» алаңындағы шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков пен аудандық мәслихат төрағасы Асқар Кенехан барша аудан жастарын мерекемен құттықтап, түрлі салада үздік нәтиже көрсетіп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген бірқатар жастарды алғыс хаттармен марапаттады.


Жастар күніне арналған шарада аудан әкімінің кубогі үшін жайдарман ойыны ұйымдастырылды. Облысқа қарасты қала, аудандардан «Абырой», «Рудный», «Мадмуазель», «Карамель», «Капитан», «Джеки Шаңырақ», «Байдың қыздары» сынды командалар қатысты. Тартысты өткен ойында үздік жетіліктің ішінен жүйрік танылғандарға арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді. КВН ойынына “Миллион”командасының ойыншылары, «Жездуха» сериалының әртістері Қанат Тасқан, Мақсат Бөбей қазылық етсе, жайдарманшы, әзілкеш, актер Жақсыген Нұрсұлтан кешті жүргізді.


Халықаралық жастар күні құрметіне орай «Тәуелсіздік» алаңында «OPEN AIR 2023» гала концерт өтті. Мерекелік шараға аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарымен қатар, елімізге танымал эстрада жұлдыздары да өз үлестерін қосты. Жастардың сүйіп тыңдайтын әншілері Еркеш Хасен, Данияр Барыс пен Нұрдаулет Карлов әсем әндерімен аудан жастары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


Сонымен қатар аталған шарада «Елге қызмет – ерге міндет» аудандық ерікті жастардың ұйымдастыруымен Бәйдібек ауданы, Шақпақ елді мекеніндегі жалғызбасты анаға баспана кілті табыс етілді.