ТҮРКІСТАН: Департамент басшысы пара алу бойынша күдікке ілінді

0
521

Жеке кәсіпкерді 18 млн. теңге көлемінде пара беруге итермелеген.


ТҮРКІСТАН: Департамент басшысы пара алу бойынша күдікке ілінді

ҚР АШМ Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы пара алу бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады. Ақпаратқа сүйенсек, қазі облыстық Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы және оның сыбайласына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Олар жеке кәсіпкерді 18 млн. теңге көлемінде пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді. Қаражат Түркістан қаласында коммерциялық құрылыс салу үшін жер учаскесін беруге арналған.


Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.


Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.