ТҮРКІСТАН: Екі күнде шардаралық 21 спортшы әлем чемпионы атанды

0
594

Әнұранды 21 рет шырқатты.


ТҮРКІСТАН: Екі күнде шардаралық 21 спортшы әлем чемпионы атанды

Алматы қаласында армрестлингтен 44-ші әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Алматы қаласында армрестлингтен 44-ші әлем чемпионатының 2-ші күні мәресіне жетті. Жас-жеткіншектер, жасөспірімдер және жастар арасында өткен Әлемдік додада Түркістан облысы, Шардара ауданының спортшылары 21 алтын алқаны қанжығаларына байлап, Әнұранды 21 рет шырқатты.


Жас жеткіншектер арасында Маманияз Жасурбек, Алдан Нұрсұлтан, Мелдебек Болат, Абсаттар Нұрисла, Оралбай Ұлжан, жасөспірімдер арасында Бекхан Нұрислам, Сәрсенбай Жармахан, Ибрагим Әділет, Тұрғанбек Тұрарбек, Басымбек Нұрболат, Полат Ермахан, Роман Данияр, Тазабек Зейнеп, Абдулла Аружан, Оразхан Ырысты, жастар арасында Зәрубек Санжар, Қожантай Бекжан, Қадір Нұрхан, Самат Мұқасан, Ақтай Бекқуат, Мәлікайдар Лаззат жеңіс тұғырынан көрінді.


Әлемдік дода тамыз айының 29-31 күндері аралығында ардагерлер және мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өтсе, қыркүйек айының 1-2 күндері аралығында ересектер арасында өтеді.