ТҮРКІСТАН: Елдімекендерде 500 мыңнан аса көшет егілді

0
639

Көшет егу жұмыстары әлі күнге дейін жалғасып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Елдімекендерде 500 мыңнан аса көшет егілді

Түркістан облысындағы елді мекендерге 500 мыңнан аса көшет егілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары ақпан айында басталған болатын. Көшет егу жұмыстары әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Қазіргі таңда өңірдегі барлық елді мекендер басқарма тарапынан тегін үлестірген көшеттерді уақытында алып, бекітілген тиісті орындарға отырғызылды. Жалпы, 500 мыңнан аса көшет егілді.


Сондай-ақ кейбір аудандар қосымша сұраныс арқылы тағы да көшет алып, егуде. Биыл Түркістан облысында жоспарға сәйкес 626 907 көшет егіледі деп күтілуде. Көктем айындағы елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары сәуір айының соңында аяқталады.


«Жасыл белдеу» аймағында ұсақ жапырақты шегіршін, үлкен жапырақты шегіршін, көгілдір шырша, қарағай, боз арша, жәй арша, жіңішке жапырақты жиде, терек, үйеңкі, шаған, емен, шынар, жапон сафора, роза гүлдер және т.б ағаш-бұта түрлері егіліп жатыр. Осы аталған көшеттер аудан, қала, елді мекендерге жеткізіліп, отырғызылған.


Жалпы, «Жасыл белдеудегі» орман тұқымбағында Түркістан қаласының климатына тез бейімделетін екпе көшет және көпжылдық гүлдейтін шөптерді сұрыптау бойынша жұмыстар атқарылады.


Бүгінде басқарма тарапынан бекітілген арнайы маман облыстағы елді мекендерде отырғызылған көшеттердің дұрыс егілуін және күтіп-бапталуын қадағалау жұмыстарын бастады.