ТҮРКІСТАН: Ерікті жастар тегін бетперде таратты

0
628

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 маусымдағы №24 қаулысына сәйкес ұйымдастырылған.


ТҮРКІСТАН: Ерікті жастар тегін бетперде таратты

Инфекцияға қарсы іс-шара адам көп шоғырланатын орындарда өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 маусымдағы №24 қаулысына сәйкес, коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында аудандық жұмысшы топ, ішкі саясат бөлімі және Жастар ресуртық орталығы қызметкерлерінің ұйымдастырумен Сарыағаш ауданының орталығында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара аясында аудан орналасқан адам көп шоғырланатын базар және ірі сауда орындарында, қоғамдық көлікте (автобус, такси) короновирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында әлеуметтік қашықтықты сақтауды (2 метрден кем емес), жеке басқа қатысты гигиеналық-санитарлық талаптардың сақталуы және міндетті түрде бетперделік режимнің сақталуы қажеттігін айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ іс-шара барысында ерікті жастар тарапынан аудан тұрғындарына тегін медициналық бетперде таратты.

«Сонымен қатар, инфекция таралуының жалғасуына байланысты өзіңіздің және балалардың көшеде, қоғамдық орындарда жүргенде міндетті түрде бетперде тағып жүруін ерекше назарға алуларыңызды сұранамыз», - делінген Сарыағаш ауданы әкімдігінің ресми парақшасында.