ТҮРКІСТАН: Этномәдени бірлестіктер құрылысшыларға құрмет көрсетті

0
228

Құрылыс алаңында ақ дастархан жайылып, ас берілді, құран оқытылды.


ТҮРКІСТАН: Этномәдени бірлестіктер құрылысшыларға құрмет көрсетті

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер құрылысшыларға құрмет көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


1 наурыз – Алғыс айту күніне орай,
Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер құрылысшыларға құрмет көрсетті.


Игі шара барысында облыс орталығында салынып жатқан «Достық үйінің» құрылыс алаңында ақ дастархан жайылып, ас берілді, құран оқытылды.


Аталған ғимараттың құрылысы бүгінгі таңда қарқынды жүріп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бой көтеріп жатқан «Достық үйі» биыл қазан айының соңында пайдалануға берілмек.


Бірлікке үндеген шарада сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев Алғыс айту күні мерекесінің елдігімізді нығайтуда маңызы зор екенін ерекше атап өтті.


Ал құрылысшылар өздерінің еңбектерін елеп-ескергені үшін этномәдени бірлестік өкілдеріне шынайы ризашылықтарын білдірді. Олар өз сөзінде құрылыс нысанын мерзімінде әрі сапалы аяқтауға күш салатынын жеткізді.


Жиын соңында бірқатар этномәдени бірлестіктердің жетекшілері ізгі тілектерін білдіріп, жұртшылықты ынтымақ пен қажырлы еңбектің арқасында Жаңа Қазақстанды өркендетуге шақырды.