ТҮРКІСТАН: Гаухар ана кесенесіндегі сапар орталығының құрылысы басталды

0
1 023

Сапар орталығында ақпараттық орталық, қонақ үй мен автотұрақ қарастырылған.


ТҮРКІСТАН: Гаухар ана кесенесіндегі сапар орталығының құрылысы басталды

Қожа Ахмет Ясауидің қызы Гаухар ананың кесенесіне келушілерге арналған сапар орталығының құрылысы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысындағы Гаухар ана кесенесіне келушілерге арналған сапар орталығы 1,25 га аумақты қамтиды. Құрылыс аумағы - 683,68 шаршы метр болса, көгалдандыру аумағы – 8758,27 шаршы метр. Гаухар ана кесенесіне келушілер мен туристерге қолайлы жағдай жасау үшін қолға алынған сапар орталығында ақпараттық орталық, қонақ үй, автотұрақ қарастырылған. Құрылыс мерзімі 6 айға жоспарланған.


Атап өтсек, Гауһар ана кесенесі – Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 4 шақырым жерде, Түркістан-Шәуілдір тас жолынан солға қарай 400-500 метр қашықтықта орналасқан. ХІІ ғасырда өмір сүрген ғұлама Қожа Ахмет Ясауидің қызы Гаухар ананың кесенесі тарихи архитектуралық құнды ескерткіштердің бірі ретінде «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің тізіміне алынған. Гаухар ана кесенесіне зияраттап келушілердің қатары мол. Қасиетті де тарихи орынға тек Қазақстан ғана емес Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан сынды көптеген елден туристер келіп, әзіз ананың басына тағзым етеді.