ТҮРКІСТАН: Грант жеңіп алған жастар жобалар жәрмеңкесін өткізді

0
561

30 жас өз жобаларын қорғап, 20-сы 1 миллион теңге грантқа ие болды.


ТҮРКІСТАН: Грант жеңіп алған жастар жобалар жәрмеңкесін өткізді

Түркістанда қайтарымсыз грант жеңіп алған жастардың жобалар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Ұлы дала» ауыл бизнесін дамыту ассоциация РҚБ мен Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығы КММ ұйымдастыруымен «ZHAS PROJECT» грант жеңімпаздарының жобалар жәрмеңкесі өтті. Шара - үздік 20 жобамен және олардың өнімдерімен танысу мақсатында ұйымдастырылған. Бүгінде грант иегерлері қажетті жабдықтарын алып, кәсіптерін бастаған.


Шараға «Ұлы дала» ауыл бизнесін дамыту ассоциациясы РҚБ президенті Ақмарал Бекмұрзаева, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшының орынбасары Керімбек Мырзабаев, Түркістан облысы бойынша «ZHAS PROJECT» жобасының менторы Сая Сағынғалиева мен облыстық Жастар орталығы КММ-ң басшысы Ернар Бектаев қатысты.


Айта кетсек, биыл «ZHAS PROJECT» жобасына өңірдегі аудан-қалалардан 143 өтінім түсіп, оның ішінен ережеге сай келген 61 жоба техникалық іріктеуден өткен. Одан бөлек, келесі кезеңге жолдама алған жастар үш күндік онлайн семинар-тренингтен өтті. Қорытынды комиссия отырысы барысында 30 жас өз жобаларын қорғап, 20-сы 1 миллион теңге грантқа ие болды.