ТҮРКІСТАН: Ішкі нарықты қорғау мәселелері қаралды

0
242

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров төрағалық етті.


ТҮРКІСТАН: Ішкі нарықты қорғау мәселелері қаралды

Түркістан облысында Ішкі нарықты қорғау мәселелері туралы ахуалдық штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының Ішкі нарықты қорғау мәселелері туралы ахуалдық штабының бірінші отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров төрағалық етті.


Штабтың алғашқы отырысына штаб мүшелерімен қатар «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК Техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығының сарапшысы және Қазақстанның Ұлттық Лифтшілер қауымдастығының президенті қатысты.


Жалпы облыстық Ішкі нарықты қорғау мәселелері туралы ахуалдық штаб – ҚР Сауда және интеграция министрлігінің бастамасымен құрылған. Штаб құрамына өнімнің өмірлік циклі кезеңдерінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың өкілдері кіреді.


Ахуалдық штаб қызметінің мақсаты – ішкі нарықты қорғау, қауіпсіз өнімді Қазақстан Республикасының нарығына әкелу және түрлі мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, тиісті техникалық регламенттер талаптарының және өнімге қойылатын өзге де міндетті талаптардың сақталуын, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың қолданыстағы құралдарын қолдана отырып, сапасы төмен тауарларды еркін сатуға жол бермеу.


Айта кетейік, штабтың алғашқы отырысында 7 мәселе қаралды. Олардың қатарында аттракциондар мен балалар алаңдарындағы және тұрғын үйлердегі лифттегі қауіпсіздік мәселелері бар.