ТҮРКІСТАН: Карантиндік талаптар жеңілдетілді

0
613

Облыс көлемінде дәрі-дәрмектің қосымша қоры жеткілікті.


ТҮРКІСТАН: Карантиндік талаптар жеңілдетілді

Түркістан облысындағы әлеуметтік-экономикалық нысандар шектеусіз жұмыс істейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында соңғы тәулікте коронавирустық инфекцияны жұқтырған 17 жағдай тіркелген. Өңір эпидеомологиялық бағалау матрицасы бойынша «жасыл» аймақта болғандықтан әлеуметтік-экономикалық нысандар шектеусіз жұмыс істейді. Бұл туралы бүгінгі брифингте Түркістан облысының Бас санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді.


«Қазіргі таңда эпид ахуал құбылмалы. Карантиндік шектеу шаралары алынғанымен кәсіпкерлер тарапынан санитариялық талаптарды сақтау күн тәртібінен түскен жоқ. Облысқа көрші өңірлер «қызыл», «сары» деңгейде болғандықтан азаматтарды карантин режимдерін сақтауға шақырамыз», - деді Нұрбек Садықбекұлы.


Бүгінде өңірде ревакцинация қарқынды түрде жүргізілуде. Ревакцинация екпенің алғашқы 2 компонентін алған жандарға 6 айдан соң салынады. Сонымен қатар, облыс көлемінде дәрі-дәрмектің қосымша қоры жеткілікті.