ТҮРКІСТАН: "Қасқасу" тау шаңғысы курортында 5 мың жұмыс орны құрылады

0
1 006

Қазіргі уақытта «Қасқасу туристік-рекреациялық орталығын» салу жобасының бірінші кезеңін іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН:

Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы «Farab» кітапханасының арнайы алаңында Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте өңірдің туристік әлеуетін дамыту мақсатында қолға алынған «Қасқасу» тау - шаңғы курортындағы бүгінгі жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде мұнда инфрақұрылым жүргізу жоспарлануда.

«Ішкі және кіру туризмінің басым дамуын ескере отырып, 2025 жылы туристер ағыны мен келушілер санын 2 млн. адамға дейін арттыру жоспарлануда. Мысалы, «Қасқасу» тау-шаңғы жобасын Түркістан облысының Төлеби ауданындағы Қасқасу шатқалында құру жоспарланған. Жоба туристік саланы дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өңірлік маңызы бар туристификациялау картасының ТОП – 50 нысанның тізіміне енгізілген»,-деді облыс әкімі өз сөзінде.

2019 жылы жоба Түркістан облысының 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына енгізілді. Жобаның сыртқы инженерлік-инфрақұрылым соммасы – 3,6 млрд.теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта «Қасқасу туристік-рекреациялық орталығын» салу жобасының бірінші кезеңін іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде (Жобаны іске асыру кезеңі: 2021-2023 жылдар). Жоба жүзеге асырылғанда 5000-ға жуық жұмыс орнын құру күтілуде.