ТҮРКІСТАН: Қ.А.Ясауи университеті Атырау облысына гуманитарлық көмек жіберді

0
229

Қазіргі таңда Жайық өзенінің суы тасып, шұғыл түрде бөгеттер мен дамбы жасау жұмыстары басталып кетті.


ТҮРКІСТАН: Қ.А.Ясауи университеті Атырау облысына гуманитарлық көмек жіберді

Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы оқу ордасы Атырау облысына гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан өңірінің тұрғындары еліміздегі су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға белсенді қолдау көрсетіп жатыр. Бұл игі істі Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті де жалғады.


Университет ұжымы мен студенттері қиын жағдайға тап болған тұрғындарға жан-жақты қолдау шараларын ұйымдастырды. Оқу орнының 500-ге жуық оқытушысы мен қызметкері бір күндік жалақысын қайырымдылыққа аударып, нәтижесінде 4 млн теңгеден астам қаражат жиналды. Сондай-ақ ХҚТУ-дың Өкілетті Кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек түркиялық бауырлардың атынан қосымша 3 млн теңге қаражат жіберді. Ал «Актерлік өнер» мамандығының 2 курс студенттері арнайы қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» атты қойылымды сахналап, түскен қаржыны материалдық көмекке аударды.


Университет басшылығы қаражатты Атырау облысының тұрғындарына жұмсайды. Қазіргі таңда Жайық өзенінің суы тасып, шұғыл түрде бөгеттер мен дамбы жасау жұмыстары басталып кетті. Осыған байланысты оқу орны атынан шұғыл түрде құрылыс және шаруашылыққа арналған еңбек құралдары мен заттары сатып алынып, жүк көлігімен Атырау облысына жөнелтілді.


Айта кетейік, жіберілген көмекті Х.Досмұхаммедов атындағы Атырау университеті қабылдап алып, тиісті орындарға жеткізеді.