ТҮРКІСТАН: Қазығұртта заманауи спорттық-сауықтыру кешені ашылды

0
458

Сауықтыру кешені күніне 40 адамға дейін қызмет көрсетуге қауқарлы.


ТҮРКІСТАН: Қазығұртта заманауи спорттық-сауықтыру кешені ашылды

Қазығұрт ауданында спорттық-сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазығұрт ауданында жұртшылықты саламатты өмір салтын ұстануға шақыратын спорттық-сауықтыру кешені ашылды. Оған аудан әкімі Азизхан Исмаилов қатысып, заманауи орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.


«KHAN» сауықтыру кешенінде спортпен жаттығуға арналған зал, арнайы жүзу бассейні және емдік бу бөлмелері бар. Мұнда10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сауықтыру кешені күніне 40 адамға дейін қызмет көрсетуге қауқарлы.