ТҮРКІСТАН: Қазығұртта жабық футбол алаңы ашылды

0
811

Ағайынды кәсіпкерлер әрі ауыл тұрғындары өз қаржыларына салған.


ТҮРКІСТАН: Қазығұртта жабық футбол алаңы ашылды

Қазығұрт ауданында заманауи үлгідегі «Арсенал» жабық футбол алаңы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында заманауи үлгідегі «Арсенал» жабық футбол алаңы ашылды. Кіші футболға арналған алаңды ағайынды кәсіпкерлер әрі ауыл тұрғындары өз қаржыларына салған. Жасанды алаң жабық ғимаратта орналасқандықтан кез келген мезгілде доп тебуге ыңғайлы. Онда футболшыларға барлық жағдай жасалған. Киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер бар.


Ағайынды кәсіпкерлер Нұркен және Олжас Өсербаевтар ауылдағы жабық футбол алаңдарының көбеюі - бұқаралық спортты дамытуға, соның ішінде аудан көлемінде кіші футболдың қарыштап дамуына өз септігін тигізіп жатқандығын жеткізді.


Айта кетерлігі, қазіргі таңда «Қазығұрт» футбол командасы республикалық турнирлерде топ жарып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.