ТҮРКІСТАН: Қазығұрттық жасөспірімдер облыс чемпионы атанды

0
334

Жарыстың негізгі мақсаты – еліміздегі премьер және бірінші лига командаларына резерв дайындау.


ТҮРКІСТАН: Қазығұрттық жасөспірімдер облыс чемпионы атанды

Футболдан Қазығұрттың жасөспірімдер құрамасы облыс чемпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласында футболдан 2010 жылы туған жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті. Аталған облыс чемпионатына қала, аудандардан 12 команда, 200-ден аса спортшы қатысып, бір апта бойы өзара мықтыны анықтады.


Жарысты ұйымдастырушылардың айтуынша, негізгі мақсат еліміздегі премьер және бірінші лига командаларына резерв дайындау. Сонымен қатар, облыста жасөспірімдер құрамасын жасақтау.


Сайыс барысында Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова мен Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Муслимова жас футболшыларға сәттілік тіледі.


Жарыс нәтижесінде жасөспірімдер арасындағы облыстық чемпионатта «Қазығұрт» командасы І орынды иеленіп, Түркістан облысының чемпионы атанды. Ал жүлделі екінші орын кентаулық командаға бұйырса, үшінші орынды созақтықтар иеленді.


Жеңімпаздар мен қатысушы командаларға Алғыс хаттар мен естелік сый-сыяпаттар табысталды.