ТҮРКІСТАН: Кеден бекетінің лауазымды тұлғалары пара алу бойынша тергеуге алынды

0
265

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.


ТҮРКІСТАН: Кеден бекетінің лауазымды тұлғалары пара алу бойынша тергеуге алынды

Түркістан облысында кеден бекетінің лауазымды тұлғалары пара алу бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жүйелі негізінде пара алу фактісі бойынша облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің «Қазығұрт» кеден бекетінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Олар жүк көліктерін кеден бекеті арқылы кедергісіз өткізу үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 50-ден 200 мың теңгеге дейін пара алу дерегімен күдікке ілінді.


«Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды. Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - деп хабарлады бұл туралы құзіретті органның баспасөз қызметі.