ТҮРКІСТАН: Келес ауданында 3 ауысыммен білім беретін мектеп жоқ

0
784

98 балабақшада 10483 бүлдіршін тәрбиеленуде.


ТҮРКІСТАН: Келес ауданында 3 ауысыммен білім беретін мектеп жоқ

Келес ауданындағы 65 мектепте 34652 оқушы білім алып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде БАҚ өкілдерімен кездескен аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев айтып берді. Жәнібек Есенұлының айтуынша, қазір Келес ауданындағы 65 мектепте 34652 оқушы білім алып жатса, 98 балабақшада 10483 бүлдіршін тәрбиеленуде.


Аталған сала бойынша өткен жылы Жамбыл елді мекеніндегі №29 ЖОМ мен Ынтымақ елді мекеніндегі №37 Р.Қошқарбаев атындағы мектеп пайдалануға берілсе, 111,5 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілетін №28 Мақташы, №11 Жолбасшы мектептері 2023 жылдың тамыз айында қолданысқа тапсырылмақ.


Сонымен қатар, өткен жылы 1-4 сынып оқушыларына арналған «Нұрбала» және «Абай Дарын» жекеменшік мектептер ашылған. Оған қоса ауданда облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен 2021, 2022 жылдары екі мектептің құрылысы басталып, бүгінгі таңда әрі қарай жалғасып жатыр. Жалпы, Келес ауданында 3 ауысыммен білім беретін мектеп жоқ.