ТҮРКІСТАН: Келес ауданында емхана салынады

0
376

Мақсат – тұрғындар сұранысын қанағаттандыру.


ТҮРКІСТАН: Келес ауданында емхана салынады

Келес ауданы, Бірлесу ауылдық округінде дәрігерлік емхана құрылысы жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданы, Бірлесу ауылдық округі аумағын абаттандыру, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында сапалы инфрақұрылыммен қамту, ауылшаруашылығы саласында тың технологияларды жүзеге асыру сынды шаралар атқарылып жатыр.


Сонымен қатар, тұрғындар сұранысын қанағаттандыру мақсатында жергілікті азаматтар көтерген мәселенің бірі — ауылдық округ аумағынан дәрігерлік емхана салынбақ. Бұл мәселені аудан басшысымен өткен кездесуде бірлесуліктер көтерген еді.


Бүгінгі таңда 28 гвардия елді мекенінен ФАП құрылысын жүргізу үшін арнайы 0,50 га жер бөлініп, толықтай құжаттандырылған. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Бірлесу мәлімдеді.


«Қазіргі таңда «Абай Келес аудандық ауруханасы» МКК тарапынан 28 гвардия елді мекені аумағынан дәрігерлік емхана құрылысы үшін мемлекеттік актісі алынып, сәулет жоспарлау тапсырмасы дайындалды. Мәселе толық шешімін тапқанша өз бақылауымда болады. Сонымен қатар таяу күндері Бірлесу ауылдық округіндегі кезек күттірмейтін ішкі каналдармен қашыртқыларды тазалау үшін «Тұран Су» мекемесімен ішкі каналдар механикалық тазалаудан өткізілетін болады», - деді аудан әкімі.


Тұрғындармен кездесуге аудан әкімімен бірге аудандық мәслихаттың төрағасы Нұржан Шаулиев, дербес бөлім басшылары, құрылымдық бөлімдер мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Тұрғындар көтерген мәселелерді шешу мақсатында арнайы іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілмек.