ТҮРКІСТАН: «Келес-Шардара» бағытындағы жол жөндеуден өткізіліп жатыр

0
943

Нысан 2024 жылға өтпелі.


ТҮРКІСТАН: «Келес-Шардара» бағытындағы жол жөндеуден өткізіліп жатыр

Келес және Шардара аудандарын жалғап жатқан облыстық маңызы бар автомобиль жолында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде Келес және Шардара аудандарын жалғап жатқан облыстық маңызы бар КХ-72 «Абай-Шардара» автомобиль жолының 39-68 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «Шымкентдорстрой» ӨК» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан іске асырылуда.


Бүгінгі таңда, жолдың 68-65 шақырым аралығындағы ескі асфальт қабаты алынып жатыр. Биыл жолдың 3 шақырымы ойылып, тегіс қабатын салу жоспарланған. Нысан 2024 жылға өтпелі. Сонымен қатар, бекітілген сметалық құжаттамаға сәйкес, ойылып-кесілген жерге 2 қабат асфальт жабынын төсеу, жол белгілерін орнату қарастырылған.


Айта кетерлігі, жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тұрақты бақылауға алынған.