ТҮРКІСТАН: Келесте 8 ауылдың атауы ауысты

0
1 261

Ауылдарға қазақы атаулар қойылған.


ТҮРКІСТАН: Келесте 8 ауылдың атауы ауысты

Келес ауданындағы 8 елді мекеннің атауы ауысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының бірлескен шешіміне сәйкес, Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округінің М.Горькии ауылы Кеңдала, Ақтөбе ауылдық округінің орталығы Қызыләскер ауылы Лесбек батыр, Ошақты ауылдық округінің Орджиникидзе ауылы Сәмбет Саттаров, Біртілек ауылдық округінің Димитрово ауылы Ораз ата, Біртілек ауылдық округінің Әзербайжан елді мекені Көлтоған, Алпамыс батыр ауылдық округінің Ленин жолы ауылы Ақжол, Қошқарата ауылдық округінің Первое мая ауылы 1 мамыр және Бірлік ауылдық округінің Коммунизм деп аталып келген елді мекенінің атауы Ащысай деп өзгертілді.


«Тәуелсіздіктің арқасында өңіріміз аумағындағы отаршылдық пен тоталитарлық дәуірлерден қалған атаулардан біртіндеп арылып келеміз. Бұл жұмыстардың артында зиялы қауым мен түрлі қоғамдық бірлестіктердің және жергілікті ономастика комиссиялары тарапынан ұзақ жылдар бойы тынымсыз жүргізілген жүйелі жұмыс нәтижесінде қол жеткіздік» - дейді аудандық ономастика саласына жауапты, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысының орынбасары Ербол Назаров.