ТҮРКІСТАН: Келесте ардагерлер арасында шахматтан сайыс өтті

0
394

Ардагерлерге арнайы мадақтамалар мен бағалы сыйлықтар табысталды.


ТҮРКІСТАН: Келесте ардагерлер арасында шахматтан сайыс өтті

Келес ауданында зейнеткерлер арасында шахматтан сайыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданында 1 - қазан Қарттар күніне орай зейнеткерлер арасында шахматтан сайыс өтті. Сайысқа ауылдық округ ардагерлерімен зейнеткерлер қатысып, бас жүлдені сарапқа салды. Ақтөбе ауылдық округ әкімінің аппараты ұйымдастырған шарада ауылдық округ әкімі Ердаулет Жасұзақов ашып, зейнеткерлерге сәттілік тіледі.


«Бүгінгі күні Ақтөбе ауылдық округіндегі зейнеткерлерге көңіл бөлінуде. Бұл өте қуанарлық жағдай. Осы орайда аталған мекемеде спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, ерекше көңіл күй сыйлауда. Бұл үшін ауылдық округ басшыларына алғысымызды білдіреміз», – дейді Ардагер төрайымы Қарсыгүл Нұрбекова.


Тартысты әрі қызыққа толы өткен сайыста, жүлделі орын алған ардагерлерге арнайы мадақтамалар мен бағалы сыйлықтар табысталды.