ТҮРКІСТАН: Келесте модульді-каркасты бассейндер құрылып жатыр

0
589

Мақсат – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.


ТҮРКІСТАН: Келесте модульді-каркасты бассейндер құрылып жатыр

Келес ауданындағы ауылдарда модульді-каркасты бассейндер құрылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Естеріңізде болса, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы және ресми шомылатын орны жоқ елді мекендерге модульді-каркасты бассейндерді ұйымдастыру мүмкіндіктерін заң аясында қарастыруды аудан, қала әкімдеріне тапсырған еді. Осыған орай Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев ауыл, ауылдық округтердің әкімдеріне жергілікті кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жүктеген.


Нәтижесінде Келес ауданына қарасты елді мекендерде кәсіпкерлердің демеушілігімен арнайы модульді-каркасты бассейндер орнатылып жатыр. Атап айтқанда, Асан Тілеуов есімді кәсіпкер Жүзімдік елді мекеніне каркасты бассейн орнатып, жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, «Нұржан Ата» ЖШС аудан орталығынан арнайы бассейн ашып, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына тегін қызмет көрсетіп келеді.


Алдағы уақытта Бірлік ауылдық округіндегі жалпы орта мектептердің алдына да бассейн құру жоспарланған болса, Ошақты, Қошқарата ауылдық округінде кәсіпкерлермен келіссөз жүргізілу үстінде.


Айта кетсек, аталған шараның мақсаты – жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігін сақтау, суға кету қауіпін сейілту.