ТҮРКІСТАН: Келесте Президент Жолдауы шеңберінде 2 медициналық нысан пайдалануға берілді

0
1 123

2 фельдшерлік-акушерлік пункт пен 3 дәрігерлік амбулаторияның қазандықтарын сұйық отынға ауыстыру бойынша құжаттар дайындалуда.


ТҮРКІСТАН: Келесте Президент Жолдауы шеңберінде 2 медициналық нысан пайдалануға берілді

Келес ауданындағы Мемлекет басшысының Жолдауы аясында 2022 жылы мемлекеттік–жекешелік әріптестік бағдарламасы шеңберінде 2 медициналық жаңа ғимарат салынып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде БАҚ өкілдерімен кездескен аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев айтып берді.


«Ауданда 1 орталық аурухана, 4 ауылдық аурухана бөлімшесі, 1 аудандық емхана, 2 бастапқы медициналық санитарлық көмек орталығы, 18 дәрігерлік амбулатория, 25 фельдшерлік акушерлік пункт, 20 медициналық пункт пен 4 санатты жедел жәрдем бригадасы халыққа медициналық көмек көрсетіп келеді. Мемлекет басшысының Жолдауы аясында 2022 жылы мемлекеттік–жекешелік әріптестік бағдарламасы шеңберінде 2 медициналық жаңа ғимарат салынып, пайдалануға берілді. Олар Ақтөбе ауылдық окурігіне қарасты Құйған елді мекені мен Ошақты ауылдық окурігіндегі Қаратал елді мекенінде орналасқан. 2022 жылы жоспар бойынша Келес аудандық «Абай» ауруханасына қарасты 1 ауылдық аурухананың және 7 дәрігерлік емхананың қазандықтары сұйық отынға ауыстырылды. Ал, 2023 жылғы жоспарға сәйкес, Келес аудандық «Абай» ауруханасына қарасты 2 фельдшерлік-акушерлік пункт пен 3 дәрігерлік амбулаторияның қазандықтарын сұйық отынға ауыстыру бойынша құжаттар дайындалуда», - деді денсаулық сақтау саласына тоқталған аудан әкімі.


Баспасөз жиынында Келес ауданындағы екі бірдей балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 15 түрі дамытылып, 5 мыңнан астам бала спортпен айналысып жатқандығы мәлім болды. Бұл тұрғыда 2023 жылдың қаңтар айында 6 спорт түрі қамтылған «Келес спорт клубы» ашылса, Ақжол, Еңбекші және Алғабас ауылда ашық алаңшалардың құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Абай ауылынан салынатын жалпы құны 1 969,8 млн. теңгені құрайтын спорт кешенінің құрылысына биыл 600 млн теңге бөлінген. Бұл құрылыс 2024 жылға өтпелі.